Бүгін, 4 ші сәуір күні, Меркі ауданының әйелдер мен қыздар жамағаты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұл игі шара Меркі ата мешітінің ұстазы Медина ұстаз және Жүніс молда мешітінің ұстазы Бота ұстаздың бастамасымен өтті. Жәрмеңке мақсаты – қайырымдылық көрсету, мұқтаж жандарға көмек көрсету және мұсылман әйелдердің қолөнерін көрсету болып табылады.
Жәрмеңкеге қойылған заттар әйелдер жамағатының өз қолдарымен дайындалды. Меркі ауданының нәзік жандылары түрлі түрлі тәттілер, тоқаштар мен пирогтар, сондай-ақ басқа да дәстүрлі қазақ тағамдарын әзірлеп, қонақтарға ұсынды. Барлық табыс қайырымдылық қорына жинақталып, аз қамтылған отбасыларға беріледі.
Медина ұстаз бен Бота ұстаздың ұйымдастыруымен өткен бұл жәрмеңке аудандық қоғамның бірігуі мен өзара көмек көрсетуге деген үлкен үлесін көрсетті. Әйелдер жамағатының өз қолымен жасаған өнімдері тек қана тағамдар ғана емес, сонымен қатар мейірім мен жанашырлықтың көрінісі болды.
Меркі ауданының тұрғындары мен жамағат өкілдері бұл шараға белсенді қатысып, бір-біріне көмек қолын созды. Бұл сияқты игі шаралардың аудан ішінде жиі өткізілуі қоғамдағы рухани-әлеуметтік байланысты нығайтады.
Меркі ауданының “Меркі ата”мешіті баспасөз қызметі.