ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы облысқа қарасты қала және аудан имамдарының басын қосып, кезектен тыс жиналыс өткізді.
Жиын барысында қасиетті Рамазан айының қорытындысы жасалып, атқарылған игі істер мен насихат жұмыстарына баға берілді. Сондай-ақ алдағы жұмыс жоспарларына шолу жасалып, дін қызметкерлеріне бағыт-бағдар көрсетілді.
Асқар қажы Зәкіржанұлы "Уағыз-насихат айтудың тәртіптік ережесі" құжатын таныстырып, оның мазмұнына кеңінен тоқталды. Имамдарға бес бағыт бойынша нақты тапсырмалар жүктеліп, діни қызмет сапасын арттыру тетіктері талқыланды.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі