Диқаншылық жасау, егін егу, жеміс көшетін, тал немесе гүл отырғызу, оны суғару, күтім жасау – ғибадат-құлшылық болып есептеледі.
Жуалы ауданы, Ақбастау ауылы, «Ақбастау» мешітінде көктемгі көгеріштендіру тал-дарақ, гүл егу жұмыстары жүргізілді. Мешіт молдасы Маратбекұлы Нұртаза мен мешіт жамағаттары аулаға гүл отырғызып, демеушілердің көмегімен мешіттің артқы бақшасына 60 түп көшет, 30 қарағаш, 27 көк тал, 3 қызыл тал (ива) ағаштары көшеттелді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.