Қордай: Әйел-қыздар секторы ауызашар мен сәресіде

Қордай: Әйел-қыздар секторы ауызашар мен сәресіде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Дастарханыңыздан ораза ұстағандар дәм татсын. Астарыңызды ізгі кісілер жеп, періштелер сіздерге дұға етсін» деп дұға жасаған еді». «Біздің ораза мен кітап иелерінің оразасының айырмашылығы сәресі ішуде» дейді Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын).

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде әйел-қыздар жамағаты  үшін ауызашар мен сәресіге екі дастархан жайылды. Нәзік жандылар жамағаты дастархан басында әжелер алқасы мүшелерінің насихатын және Эльмира Аманқожақызының уағыз - насихатын естіді. Жалпы Қасиетті айдағы Қадір түніне жайылған дастархан: жамағаттың жиналып басқосуына, уағыз-насихат тыңдауына және біраз сұрақтарына жауап табуына себеп болды.  Баршамыздың Рамазан айында жасаған дұға-тілектеріміз, ізгі амалдарымыз қабыл болсын.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: