«Кімде-кім қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла Тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі», – дейді Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, «Жаңатұрмыс» мешітінде, имамы Умирзаков Нуртуган жамағатпен қадір түнін өткізді.
Ауызашар дастарханы мен сәресі дастарханы жайылып, ойындар ойнатылып сыйлықтар берілді. Белсенді жамағат мүшелеріне алғыс хаттар табысталды. Қариялардың батасымен жамағат тарқасты.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі