Қордай: Ораза айт құтты болсын

Қордай: Ораза айт құтты болсын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген. Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды. Ислам дінінде босаңсу, ұзақ демалысқа кетіп, бәрін тастау ұғымы жоқ. Екі дүниесін тең ұстаған жан ұтыста болады. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде мұсылмандардың мейрамы саналатын  айтқа - "Ораза айт құтты болсын" атты үлкен шаралар ұйымдастырды. Айт намазынан соң, халық арнайы орнатылған қазақ үйге кіріп, "Наурыз көжеден" ауыз тиді.

Ұлттық ойындар саналатын: гір көтеру, қой көтеру сайыстары, асық ойнау мен ләңгі тебу ойындары ойнатылды. Мергендік өнері де қолға алынып - "садақ атуданда" сайыс өтті. Барлық қатысқан қатысушыларға алғыс айтылды. Орын алған жүлдегерлер алғыс хаттар мен ақшалай сыйлармен марапатталды. Барша ат салысқан жамағатқа, қызметкерлерге алғыс айтылды. Ақ сақалды қариялардың батасымен Ораза айт тойы аяқталды.

Аудандық Қордай мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: