Халқымызда: “Шаттық нұрландырады”, деген нақыл бар. Шариғат бойынша да айттарда қуанышты болу, жүзiнен нұрлы шырай таралу – Алланың рахметi, пайғамбардың шапағаты, жәннәт және оның нығметтерiне үмiт арту белгiсi боп есептеледi. Сондықтан мереке күндерi, адамдарға мейiрiммен қарау амалдардың ең сауаптысы және абзалы және айт күнгi тұрыс-жүрiсiмiз, киiнуiмiз, жүзiмiздiң шырайы дұға iспеттес ғибадат болып табылады.
Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті Әжелер алқасы мүшелері Ораза айтты өздерінің «Әжелер бөлмесінен» бастап айттады. Аудан бас имамын айттық дастарханға шақырып, ақ дастарханынан дәмді асынан ұсынды. Мұсылманның мейрамы саналатын айтты өздері ашып, ізгі – тілектерін жаудырып, баталарын берді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі