«Айт» сөзі – мерекелеу, хал сұрасу , бірін-бірі қуанту - деген мағыналарды береді. «Ораза айт» мейрамы жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды. Ораза аяқталып, ораза айтқа жиналған жамағатты Қордай ауданының ұстаздары мен әжелері құттықтады. Жамағатқа келесі оразаға аман есен жетуге, амалдары қабыл болуына серіктес екендігі жайлы айтылды.
«Айттық бізден» шарасына жиналған әйел-қыздар жамағаты мен балаларға ізгі-тілектер мен игі насихаттар айтылып, қызықты пайдалы мағлұматтар бөлісті. Баршамыздың пейіліміз тарылмасын, жамарттығымыз көбейсін, көкірек көзіміз ашылсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі