Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қадір түнін Рамазан айының соңғы он түнінен іздеңдер» – деген.
Осы өсиетті ұстана отырып, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінде Қадір түні ерекше рухани атмосферада өтті. Мешіттің имамы Саламат Салимұлы жамағатпен бірге Қадір түнін күтіп, ауызашар мен сәресі ұйымдастырды.
Шара аясында викториналық ойындар өткізіліп, балаларға 150 сусын мен 150 шоколад және түрлі сыйлықтар үлестірілді. Әйел ұстазға ақшалай құрмет көрсетіліп, ойын жеңімпаздары мен қатысушыларға да тартулар жасалды. Жалпы шараға 800 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды.
Атсалысқан барша жандарға алғыс айтылып, ауыл ақсақалы жүрекжарды батасын берді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі