29-наурыз күні Меркі ауданының әйелдер мен қыздар жамағаты ерекше рухани кешке куә болды. Белгілі психолог, тәжірибелі кеңесші Марзия Бекайдар өзінің танымал семинарын Меркі қаласында өткізді. Бұл кеш «Қош бол айлардың сұлтаны» деп аталып, үлкен мәнге ие болды.
Семинардың ұйымдастырушылары ретінде “Меркі ата” мешітінің ұстазы Медина ұстаз бен “Жүніс Молда” мешітінің ұстазы Бота ұстаздардың есімдері аталды. Олар мұқият дайындықты қолға алып, жамағатқа рухани білім беруді мақсат еткен болатын.
Семинардың басты тақырыбы әйелдер мен қыздар арасындағы мәртебе мен рухани өсудің маңызына арналды. Марзия Беккайдар өзінің психологиялық тәжірибелері мен кеңестері арқылы жиналған адамдарға рухани тұрғыда өзін-өзі дамыту жолдарын көрсетті. Қатысушылар өздерінің жеке өміріндегі қиындықтарды жеңу, өзара қарым-қатынастарды жақсарту жайлы сұрақтар қойды.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі