Қоғамға пайдалы іс жасаған адам ісінің жақсылығын өзгелер көрген сайын сауабын алады. Тіпті жақсылық жасаушы кісі дүниеден өтіп кетсе де, көзі тірісінде қоғам үшін жасаған ісінің сауабы артынан барып тұрады.
Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешіті имамы Саламат Салимұлының ұйымдастыруымен он отбасыға отыз мың теңгеден қаржылай көмек берілді. Қайырымдылыққа ат салысқан әрбір жанға Алланың жәрдемі болып, садақалары қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі