Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Жомарт – Аллаға, жәннатқа және халыққа жақын, жәһаннамнан алыс, Сараң – Алладан, жәннаттан және ел-жұрттан алыс, жәһаннамға жақын» деген.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы әйел-қыздар сектор жетекшісі Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен он отбасыға азық-түлік қоржыны табысталды. Қасиетті Рамазан айында елге пайдалы болу, қуантумен сауапқа кенелу мақсатында жасалған игі амалдарымыз қабыл, мұратымыз асыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі