«Кімде - кім жақсылыққа жол сілтесе, сол үшін сауап жазылады» және «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар» деген Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын). Бұл сөзімен пайғамбарымыз үмбетін ізгілік жасауға шақырды.
Қордай ауданы, Қарасу ауылы «Ал-хади» мешіті имамы Русланбек Сағынұлы мұқтаж отбасыларға балалар аяқ-киім үлестірді. Қасиетті айда жасалған ізгі амалға себепші болған демеушілердің садақалары қабыл болсын. Жомарт жандарымыз көп болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі