Қордай: Айттық бізден

Қордай: Айттық бізден

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Риуаяттарда:  “Айт күнi қиямет қайымға ұқсайды” делiнедi. Қияметте Махшар жиынына барша адамзат жиналғанда, осы дүниенi момын мұсылман болып, ғибадат, тақуалықпен өткерсе амал дәптерлерi оңынан берiледi. Бұл жақсылықтың белгiсi. Жамбыл облысы, Қордай ауданы әйел-қыздар сектор жетекшісі Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Айттық бізден» айт бағдарламасы биыл ерекше ортада болды.

Жанұямен бірге пайдалы, көңілді уақыт өткізуге  ниет етілген бұл шара балалар ойын алаңында өтті. Ойын - сауық орталығында балаларға өздеріне, аналары мен ұлдарға, аналары мен қыздарына арналған викториналық, топтық  ойындар күтті. Барлық қатысушылырға сыйлықтар, керемет көңіл - күй сыйланды. Көпшіліктің көңілінен шыққан басқосу, ғибратпен тола ерекше форматта болды. Жамағат осындай шаралар болуын сұрап, алғысын жаудырып тарқасты.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: