Қордай: Әйел-қыздар секторы Қадір түнге қатысты

Қордай: Әйел-қыздар секторы Қадір түнге қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Рамазанның соңғы он түні кірген кезде Пайғамбар білегін сыбанып, түнін құлшылықпен тірілткен және отбасын да құлшылыққа оятқан» дейді. Бұл түні намаз бен Құран оқудың сауабы мол. Сонымен қатар Алладан көбірек кешірім сұрап, дұға жасауға мән беру керек. Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде  әйел-қыздар сектор жетекшісі Эльмира Аманқожақызы «Қадір түнін» жамағатпен  бірге өткізді.

Нәзік жандыларды жинап, оларға уағыз-насихатын айтты.  Әжелер алқасы мүшелері жастарға жылы, көркем сөздерін жеткізді. Қызықты ойындар ойнатылып, қатысушыларға сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілді.  Жиын соңында ақ жаулықты аналардан алғыс сөз бен бата алып, ерікті құлшылыққа уақыт бөлінді.

Аудандық "Қордай" мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: