«Шейх Зуннун» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Айт мерекесіне орай ізгілік пен жылулық сыйлау мақсатында мешіт имамы Манат Жетпісбаевтың ұйымдастыруымен 300 адамға түрлі тәттілер табысталды.
Қайырымдылық – біздің дініміздің негізгі құндылықтарының бірі. Бұл іс-шара мұсылман қауымы арасындағы бірлік пен мейірімділікті нығайтудың айқын көрінісі. Мешітке жиналған жамағат алғыстарын жеткізіп, ризылықтарын білдірді.
Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.