«Бір-бірлеріңізге барып қал-жағдай сұрасып тұрыңыздар. Сыйлық берісіңіздер. Өйткені зиярат – сүйіспеншілікті нығайтады, ал сыйлық – жүректі жамандықтардан (өшпенділік, қатігездік, дұшпандықтан) тазартады».
Қордай ауданы, Кенен ауылы жамағаты қасиетті айда, мешіт қызметкерін сыйлап, ізгі амал жасау мақсатымен, "Кенен" мешіті имамы Саят Рахимбаевқа сыйлыққа - көлік сыйлады. Көпшілік дін қызметкеріне алғысын жаудырып, оның қызметіне көңіл толарлығын жеткізді. Барша атсалысқан жандарға Алла жасаған жақсылығын қайтарсын.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі