«Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар», – деп Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өсиет қалдырған. Барша мұсылмандарға үлгі өнеге болған Алланың сүйіктісі бізге салған сара жолын ұстанумен, амал етумен және жүрумен екі дүние бақытына жетуге болады. Қасиетті айда ізгі амалдарымыз еселенетін ай.
Қордай ауданы, Қаракемер-2 мешітінің ұйымдастыруымен жиырма бір отбасыға, бес жүз алпыс тоғыз мың бес жүз жиырма теңгеге қайырымдылық жасалды. Барша ат салысқан жұртқа Алла разы болсын. Садақалары қабыл болған амалдардан болсын.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі