Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық "Қордай" мешітінде Қадір түніне келген жамағатпен өте қызықты: алғырлыққа, жылдамдыққа ойындар ойнатылды. Қатысушыларға сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілді. Өте белсенді болғандарға ерекше ілтіпат жасалды.
Аудандық "Қордай" мешіті баспасөз қызметі