«Құранды жатқа біліп оқушы періштелермен бірге болады. Ал, қиналса да жаттап алу үшін оқыған адамның дәрежесі екі есеге ұлғаяды» хадис шариф.
Қордай ауданы, Барыс мөлтік ауданында орналасқан "Нұрислам" мешітінде мешіт имамы Зейне Жұмабайұлы қарилармен қоштасу өткізді. Рамазан айы бойы тарауих намазын өткізген жас қариларға алғыс білдіріп, марапаттап жіберді. Қоштасу жоғары деңгейде өтті. Ақ сақалды қариялардың батасын алып, келесі Рамазанға аман-есен жетуге, құлшылықтар қабыл болуына дұға жасалып тарқасты.
Аудандық "Қордай "мешіті баспасөз қызметі