БАЙЗАҚ: ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АЙТ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ

БАЙЗАҚ: ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ АЙТ НАМАЗЫН ОҚЫДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Азамат Боранбайұлы Қызыл жұлдыз ауылы «Бейшен» мешітінде жамағатпен кездесіп, тұрғындарды ораза айт мерекесімен құттықтап «Айт мерекесінің артықшылықтары» тақырыбында насихат айтты.

  Азамат Боранбайұлы насихатында: «Аллаға шүкір, қасиетті Рамазан айы аяқталып, бүгін өздеріңізбен айт мерекесінде қауышып отырмыз. Айт сөзі «әл-ид» деген сөзден шыққан. Ол «мейрам», «мереке», «қуаныш», «шаттық» деген мағыналарды білдіреді. Ораза айт – оразаның аяқталғанын білдіретін мереке. Ата-бабаларымыз бұған қатысты: «Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайтымы бар», – деп айтқан.

Бұл күні Алланың разылығы үшін, әрі мол сауап алу мақсатында бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірін орындаған жандар Рамазан айымен қимай қоштасып, келесі Рамазанға есендікте жетулерін тілеп, мінәжат етеді. Отыз күнгі ораза мұсылмандарды тақуалыққа баулыса, айт күнгі қуаныш өзара өкпе-назды ұмыттырып, мұсылмандардың бауырмалдығын күшейте түседі», - деді.

Мешітке жиналған жамағат айт намазын оқып, елдің амандығы үшін дұға жасады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: