БАЙЗАҚ: ҚАДІР-ҚАСИЕТІ ЕРЕКШЕ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ

БАЙЗАҚ: ҚАДІР-ҚАСИЕТІ ЕРЕКШЕ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айының аяқталуымен келетін Ораза айтының қадір-қасиеті ерекше. Алла Тағала айт сайын адам баласына әр түрлі жақсылықтар береді. Осы ұлық мерекені әлемдегі бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, зор ықыласпен атап өтеді. Өйткені Ораза айт адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке. Айт күнінің негізгі ерекшеліктері - адамдарды бауырмалдылыққа, кішіпейілділікке, кешірімділікке, сүйіспеншілікке шақырады.

Осы орайда, аудан орталығындағы “Байзақ баба” мешітінде айт намазы жұртшылықпен оқылды. Бас имам Қанат Әділханұлы таң намазынан бастап, айт намазына дейін тұщымды уағыз айтып, халықты шүкіршілік пен татулыққа үндеді. Ораза айтының мән-маңызын түсіндірді. Бас имамның басшылығымен қалың жамағатқа айт намазы оқылды. Бұқара халық бір-бірін айтпен құттықтап, үйлеріне тарасты.

Айт мерекесінде мұсылман бауыр­ла­рымызға мейіріммен қарап, ауру-сыр­қау­лардың көңілін сұрау, кембағалдарға қа­рай­ласып, қуандыру - ең сауапты да абзал іс. Ендеше қасиетті Рамазан айынан кейін келген Мүбәрак Ораза айт мерекесі баршамыз үшін құтты болсын!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: