БАЙЗАҚ: "БАЗАРБАЙ" МЕШІТІНДЕ АЙТ МЕРЕКЕСІН ДӘСТҮРГЕ САЙ АТАП ӨТТІ

БАЙЗАҚ: "БАЗАРБАЙ" МЕШІТІНДЕ АЙТ МЕРЕКЕСІН ДӘСТҮРГЕ САЙ АТАП ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Базарбай ауылдық «Базарбай» мешітінде айт намазын өткізіп, ауыл имамы Ербол Қасқырұлының ұйымдастыруымен өткен дін мен дәстүрді насихаттайтын, спорт түрлері арқан тарту және асық ату сынды спорттық ойындарды тамашалады.

  Ең әуелі Бақытбек Бауыржанұлы: Әнастан  жеткен хадисте: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл қандай күндер?»  – деп сұрағанда, адамдар: «Надандық дәуiрiнде бұл күндердi ойын-күлкiмен өткiзетiн едiк»,– дедi. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 «Алла Тағала осы екi күндi олардан да жақсы Құрбан және Ораза айт күндерiмен алмастырды», – дедi.

Ораза айт ұлық мереке болғандықтан, мұсылмандар бір-біріне мерекелік көңіл күй сыйлайды. Наиб имам «Айт намазының ерекшіліктері» тақырыбында насихат айтып, мешітке жиналған жамағатпен айт намазын оқып, елдің амандығын тілеп, дұға жасады.

Намаздан кейін қазақтың дәстүрін ұлықтау мақсатында он екі қанатты күйіз үйге кіріп, жамағатпен дәм татып, аулада өткен асық ату және арқан тарту ойындарын тамашалады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: