БАЙЗАҚ: АУДАНҒА ҚАРАСТЫ БАРЛЫҚ МЕШІТТЕРДЕ АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

БАЙЗАҚ: АУДАНҒА ҚАРАСТЫ БАРЛЫҚ МЕШІТТЕРДЕ АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ата-бабаларымыз «Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайтымы бар» демекші, қасиетті Рамазан айы аяқталысымен барша мұсылман халықтарының ең ұлық мерекесі ораза айт та келіп жетті. Осындай ұлық мерекеде Байзақ аудандық «Байзақ баба»  мешіті таңғы намаздан бастап жамағатқа лық толды. Жиналған 1000-на аса жамағатқа Қасиетті Құран аяттары оқылып, ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы «Ораза айт – ұлық мереке» тақырыбында уағыз айтты. Жамағатты ораза айт мерекесімен құттықтап, ел тыныштығы мен тұрақтылығы үшін бата жасады. 

Сондай-ақ ауданға қарасты 35 мешітте 4 500-ге жуық ауыл тұрғындары мерекені құлшылықпен бастап, екі ракағат айт намазын оқыды. Намаздан соң бір-бірін құттықтап, рамазан айындағы жасаған тағат-құлшылықтарының қабыл болуын тіледі. Айтулы күн «Айт қабыл болсын!» деген құттықтау сөздерімен мерекелік көңіл күйге ұласты. Айт намазына келген жамағатқа дін мен дәстүрді насихаттау мақсатында дастархан жайылып, жастар арасында ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды.  Мешіт ақсақалдары бата беріп, ел амандығын тіледі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: