Қордай: Аудан бойынша жарапазан айтылды

Қордай: Аудан бойынша жарапазан айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жарапазан «Жә-Рамазан», яғни арапша «Рамазан келді» деген сөзден шыққан. Баяғы кезде жарапазан жыры бүкіл қазақ ауылы, қауымы боп айтылған болса, ал қазіргі кезде ол қолданыстан қалып бара жатқан ұлттық фольклордың бірі. Елімізде Рамазан айының қасиеті асқақтап, арамызда ораза ұстаушылар қатары жылдан жылға молаюда. Ата-бабамыздың бүгінге ауыз әдебиеті арқылы мұра боп жеткен Жарапазан жыры қайтадан жаңғырып, ол жаңаша реңге ие болады деген үміттеміз, әрі ұлтымыздың көне дәстүрін жаңғырта жүруге шақырамыз.

Қордай ауданы бойынша  аудандық "Қордай" мешітінің бастамасымен, барлық ауылдар эстафета алып  жарапазан айтты. Дін мен дәстүрін бірге дамытқан ел өсуде - өнуде.  Баршамыз қазақи ұлттық болмасымызды  ұмытпай, оны насихаттап, сақтап қалуға бар күш жігерімізді салуымыз керек.

Аудандық "Қордай" мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: