Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық мешітінде Ережепбай Дариға Қуанышқызының ұйымдастыруымен “ҚАСИЕТТІ ТҮН-ҚАДІР ТҮНІ” атты тақырыпта қыздар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында Қадір түніне байланысты уағыздар айтылып, қатысушылар сұрақ-жауап викторинасына белсенді қатысты.
Бұл іс-шара Қадір түнінің қасиеті мен маңызын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылып, қыздар қауымының дін мен рухани тақырыптарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі


19 Наурыз 2026
30 Рамадан 1447

