ОБЛЫС БАС ИМАМЫ “ӘБДРАШИТ АТА” МЕШІТІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ “ӘБДРАШИТ АТА” МЕШІТІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Талас ауданы Қаратау қаласындағы “Әбдрашит ата” мешітінің тұрмыс тіршілігімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Аталған шараға Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Жұбатқанов та қатысып, мешіттің жұмысымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.

Мешіт имамы осы діни мекеменің тыныс-тіршілігі туралы толыққанды ақпарат беріп, атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жайлы айтып берді. Зерттеу барысында мешіттің келешекте дамуына бағытталған жаңа ұсыныстар мен жобалар да талқыланды.

Бұл кездесу дін саласындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға, мешіттердің қызмет көрсету деңгейін арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.

“Һибатулла Тарази” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: