МАРҚҰМ ИМАМНЫҢ ОТБАСЫНА АЙТТЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ

МАРҚҰМ ИМАМНЫҢ ОТБАСЫНА АЙТТЫҚ ЖЕТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының берекесі мен айттың қуанышы жалғасуда. Осы орайда, «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Һибатулла Тарази» қайырымдылық мекемесінің ұйытқы болуымен дін жолында қызмет етіп, өмірден озған имамның шаңырағына айттық табысталды.

Игі іске атсалысқан аталған мекеменің директоры Бірлік Амангелді мен Жамбыл ауданының бас имамы Дәурен Құттыбаев марқұмның әкесіне арнайы барып, батасын алды. Құран хатым оқылып, дұға жасалды. Ақсақал перзентінің артынан құрмет көрсетіп келген дін өкілдеріне ақжарма тілегін айтып, алғысын жеткізді.

Бұл – ел руханиятына өлшеусіз үлес қосқан марқұм дін қызметкерлерін ұмытпай, құрмет көрсету дәстүрінің жалғасы іспетті.

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: