БАС ИМАМ ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

БАС ИМАМ ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Талас ауданына іссапары барысында Қаратау қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан мешіттің құрылысымен танысты. Облыс бас имамына Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Жұбатқанов бірге жүріп, мешіт құрылысының жай-күйі жөнінде ақпарат берді.

Құрылыс жұмыстарын көріп, оң бағасын берген бас имам халыққа рухани азық беретін қасиетті орданың жақын уақытта ел игілігіне берілуін тілеп, жауапты азаматтарға бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, мешіттің сәулеттік келбеті мен ішкі-сыртқы жобасына мән беріп, мешіт қызметінің сапалы ұйымдастырылуы қажеттігін атап өтті.

Жаңа мешіт – қала тұрғындарының рухани өмірін байытып, имандылықтың дамуына серпін беретін маңызды нысан болмақ.

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: