Жамбыл облысының бас имамы Асқар Сатылғанов Талас ауданына жұмыс сапары барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Медет Рүстеновпен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал мен қоғамдық тұрақтылық мәселелері талқыланып, тараптар өзара пікір алмасты. Ауданның тыныштығы мен ынтымағын сақтау жолындағы бірлескен жұмыстардың маңыздылығы сөз болды. Сонымен қатар, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыру, жастармен жұмыс және діни ағартушылық бағыттағы бастамалар да әңгіме арқауына айналды.
Бас имам аудан басшылығына қолдауы үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да ынтымақтастық жалғасын табарына сенім білдірді.
Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.