ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Талас ауданына арнайы іс-сапармен барып, жергілікті дін қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиынға Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Жұбатқанов қатысып, облыс басшысын аудандағы хал-ахуалмен таныстырды.
Аудан орталығындағы «Қажы би» мешітінде өткен жүздесуде бас имам өңірде атқарылып жатқан игі істерге ризашылығын білдіріп, дін қызметкерлеріне бірқатар маңызды мәселелерді жеткізді. Атап айтқанда, имамның тұлғалық келбеті, уағыз айту әдебі, мешіттердің ішкі және сыртқы тазалығы, жамағатпен қарым-қатынас сынды тақырыптар төңірегінде кеңінен әңгіме өрбіді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның 2025 жылға арналған жұмыс бағыттары таныстырылып, нақты тапсырмалар жүктелді.
Кездесу соңында аудан имамдары бас имамға алғыс айтып, рухани саладағы қызметіне сәттілік тіледі.
Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.