ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МАРҚҰМ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРАН ХАТЫМ БАҒЫШТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МАРҚҰМ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРАН ХАТЫМ БАҒЫШТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін, қасиетті жұма күні еліміз бойынша халқымыздың руханиятына өлшеусіз үлес қосқан марқұм дін қызметкерлерінің рухына облыс бойынша 20 Құран хатым бағышталды.

Жамбыл облысы орталығындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде өткен Құран хатым шарасында "Һибатулла Тарази" қайырымдылық мекемесінің директоры, қари Бірлік Амангелді хатым түсірсе, мешіттің наиб имамдары Ғалымбек Жапек, Әбжаппар Әмір және Нұрлан Мұрат жұма намазына жиналған жамағатқа марқұм дін қызметкерлерінің дін мен ел үшін сіңірген еңбегі жайлы уағыз-насихат айтып, хатым дұғасын жасады.

Бұл – өмірін Ислам жолына арнаған дін қайраткерлерінің рухына тағзым білдіріп, олардың ізгі істерін үлгі етуге бағытталған сауапты амал.

Айта кетейік, бұл шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы аясында республика көлемінде бір мезетте жүзеге асырылды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен әр облыстағы орталық мешіттерде де Құран хатым жасалып, марқұмдардың туыстарына құрмет көрсетілді.

Алла Тағала барша марқұм дін қызметкерлеріне рақымын жаудырып, жәннаттан орын нәсіп етсін! Әмин.

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: