Мың айдан да қайырлы Қадір түні кезінде барлық дұға-тілектер бір сәтте-ақ орындалар. Қажылыққа бару үшін бай болудың қажеті жоқ-ты. Өйткені шын қалаған адамды Аллам өзі шақырады.
Қасиетті Қадір түні аясында Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде жамағат арасында «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және отбасы» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Жарыс барысында қатысушыларға пайғамбарлар тарихынан жалпы 120 сұрақ қойылды.
Бұл бәсекеде ерекше білім мен алғырлығымен көзге түскен Ерасыл Қалден жеңімпаз атанып, Ұмра қажылығына жолдамаға ие болды. Қуаныштан көзіне жас алған «Тоғай» мешітінің жамағаты, демеушілерге шексіз алғысын білдірді. Жылы лебіздерің білдірген көпшілік қауым бірге қуанып, сәтті сапар тіледі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.