#Шу: «Төле би» мешітінде «Сағындырған Рамазан» рухани кеші өтті

#Шу: «Төле би» мешітінде «Сағындырған Рамазан» рухани кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айының құрметіне «Төле би» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Сағындырған Рамазан» атты рухани кеш орын алды.

Игі шара қасиетті Құран аяттарымен басталды. Ауызашар дастарханы жайылып, ас басында ұстаздар «Рамазан айы жыл ішіндегі ең абзалы болып саналатындығы және оның артықшылығы» туралы тағылымды уағыздар айтты. Ақ жаулықты әжелер баталарын беріп, оларға құрмет ретінде жаулықтар тарту етілді.

Сондай-ақ, жамағат арасында оразаға қатысты викториналық ойындар мен жылдамдыққа негізделген іс-қимыл жарыстары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сый-сияпаттар табысталды.

Әйел жамағаты көтеріңкі көңіл-күймен бөлісіп, берекелі кеш әсерлі рухани сұхбаттармен жалғасты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: