Қадір түні - жасаған әрбір ізгі амалдар мен құлшылықтардың, қайырымды істердің сауабы мың еселеп жазылатын түн. Және де мың айдың сауабын нәсіп етеді.
Осындай мақсатта «Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен және демеушілердің қолдауымен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында 35 мұқтаж отбасыларған азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар үйлестірілді. Жалпы жұмсалған қаражаттың көлемі 850 000 теңгені құрады.
Бұл бастама Рамазан айының берекесі мен мейірімділігін көрсетіп, жамағат арасында үлкен қуаныш пен ризашылық сезімін ұялатты. Көмек алған жандар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.