ҚАРИЛАР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

ҚАРИЛАР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде қуанышты сәт орын алды. Мешіт жанынан ашылған "Қарилар" курсының шәкірті Матай Арман Құран Кәрімді толықтай жаттап, қари атанды.

2023-2025 жылдар аралығында қасиетті кітапты жаттап бітірген қариға ұстазы Аманкелді Бірлік және облыс имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы сертификат пен ұмра қажылығына жолдама табыстады.

Сондай-ақ, жұма намазының алдында имам жамағатқа келесі қари атануға жақын қалған шәкірт Мирас Икрамовты таныстырды. Ол қазіргі таңда 25 параны толық жаттаған. Алла қаласа, 2-3 ай ішінде Мирас та қасиетті Құранды толықтай жаттап бітіп, қарилар қатарына қосылады.

Бұл игі бастама өңірдегі Құран жаттаушылардың көбеюіне үлкен серпін беріп, жастардың рухани дамуына үлес қоспақ.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: