Айлардың сұлтаны Рамазан айы болса, түндердің ең қасиеттісі Қадір түні саналады. Өйткені бұл түні Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған.
Рамазан айында мың айдан қайырлы болған қасиетті Қадір кешінің құрметіне «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өтті. Мешіт азаншысы Жалалиев Ибрагим ауыл тұрғындарын мешітке келуге шақырды. Игі іске «Төле би қоры» демеушілік жасап, 35 мұқтаж отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлік табысталды.
Жабырай келе жадыраған жандар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, баталарын берді.
Өз сөзінде аталмыш мешіттің имам Рамазан айымен құттықтап, оның қасиеті мен сауабы туралы насихат айтты. Алдағы жоспар бойынша келе жатқан Ораза айтқа орай қайырымдылық науқаны жалғасын табатының жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.