Он екі айдын сұлтаны Рамазан айының ең қасиетті түні – Қадір түні қарсаңында «Бірлікүстем» мешітінде ерекше рухани жиын өтті. Мешіт ұстазы Зейне Жанұзақ әйел-қыздар жамағатына осы түннің маңызы жайында насихат айтып, оның қасиеті мен артықшылықтарына тоқталды.
Жиын барысында жамағат Құран аяттарына үңіліп, Алланың рақымы ерекше артатын сәттерде құлшылықтың маңызын түсінді. Ұстаз Қадір түні – мың айдан да қайырлы екенін атап өтіп, бұл түнде тілек тілеп, дұға жасаудың, кешірім сұраудың маңыздылығын жеткізді.
Кеш соңында мешіт ұжымы жамағатқа ауызашар дастарханын жайып, дәмді тағамдар ұсынылды. Қасиетті айдың берекесін сезінген жамағат ізгі тілектер айтып, Рамазанның соңғы күндерін сауапты істермен өткізуді ниет етті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.