Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің жамағаты ауызашар дастарханында бас қосты.
Рамазан айының берекелі кешінде ұйымдастырылған ауызашар барысында жамағат имандылық пен бірлік жолында бас қосып, игі лебіздерін білдірді. Ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында тағылымды насихат айтып, Рамазан айының рухани кемелденуге, ізгі амалдар жасап, мейірімділік танытуға шақыратын қасиетті уақыт екенін атап өтті.
Жылы жүздесу барысында жамағат ауызашар жасап, Рамазанның берекесі мен сауабын бөлісті. Осындай сауапты кештер жамағаттың бірлігін нығайтып, имандылыққа бет бұруына ықпал етті.