Қасиетті Қадір түніне орай Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде жамағаттың рухани ілімін шыңдауға арналған сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Бұл игі шара ерлер мен әйелдер жамағаты үшін жеке өткізілді.
Сайыс барысында қатысушылар пайғамбарлар тарихы, сира, фиқһ, әдеп және басқа да діни тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берді. Терең білімімен ерекшеленген кісілерге бағалы сыйлықтар табысталды.
Бұл іс-шара жамағаттың діни сауатын арттырумен қатар, олардың білімге деген құлшынысын оятып, Рамазан айының рухани маңызын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі