АНАНЫҢ БАЛАҒА БЕРЕР ТӘРБИЕСІ

АНАНЫҢ БАЛАҒА БЕРЕР ТӘРБИЕСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ең алдымен шариғи тұрғыдан қарайтын болсақ, ата-ананың балаға берер тәрбиесі өте зор. Яғни кез келген мұсылманның мұраты – иманды, ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Егер жақсы тәрбиелеп, олар жақсы қараса, адамға бұл дүниеде және ақыретте бақыт әкеледі. Егер оларға лайықты дәрежеде тәрбие бере алмаса, адамның екі дүниесіне де кері әсерін тигізбек.

Шариғатта ата-ананың баласының алдында міндеттері бар, олар:

  1. Перзентіне жақсы, өзіне сай, лайықты, мағыналы есім беру.
  2. Алланы таныту. Адам баласы алдымен Жаратушысын тануы керек. Ата анасы балаларын кішкентайынан Алланың бар екенін, оның көріп тұратынын, естіп тұратынын барлық нәрсені біліп тұратынын санасына ұғынықты дәрежеде айтып түсіндіруі және шариғат жолдарын үйрету.
  3.  Перзентіне салиқалы жар таңдауы.

Енді анаға келер болсақ, ең алдымен бала ана құрсағынан бастап тәрбие алады. Менің ойым салиқалы айел адам құрсағындағы перзентін яғни күнде Құран оқып, сауапты амалдар істеп, ішін ұстап Алланы ұлықтап зікір етіп, Алланың берген адал ризығынан қоректеніп, осы ізгі амалдарды іститін болса бала анасынының ішінде жатқан уағынан бастап Алланың қалауымен салихалы перезент болудың бастамасы болмақ.

Иә, әрине ананың бала тәрбиелеудегі рөлі басымырақ болатынын білеміз. Алдымен өзінің де жаксы ізгі адам болуы керек. Ғұламалардың: «Бала тәрбиелеуден бұрын өзіңді тәрбиеле» деген сөзінде үлкен мән жатыр. Ең алдымен өзіңді жөндеп, кейін кандай адамды тәрбиелеп жатканыңды білу. Осылайша баланы тумай тұрып тәрбиелеп, дүниеге келгесін, өскесін оны жақсы ізгі, такуа, көркем, жеке иманды тұлға етіп тәрбиелесе, Алланың калауымен көркем құлдырының бірі болады, әрі екі дүниеде де жаксылыққа кеңеледі.

Пайғамбырымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде балаға бір сәт көңіл бөліп, тәрбиесіне араласу садақа беруден артық амал екенін айтқан екен. Баламызды бес жасқа дейін патшадай күтіп, мәпелеп өсірсек, он бес жасқа дейін өмір тіршілігіне икемдеп Алланы танытқызып, еңбекке баулып, үлкенге қызмет етіп, батасын алуға тәрбиелесек, он бес жастан кейін онымен жеке тұлға, өзіндік ойы бар азамат ретінде пікірлесіп, ақылдасып, жиі сырласып-сұхбаттасар болсақ, Алланың қалауымен үміт еткен ұрпағымыздың жақсылығын көретініміз анық.

Гаухар Жанысбекқызы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы 

Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің ұстазы  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: