Орынсыз айтылған сөз опық жегізеді

Орынсыз айтылған сөз опық жегізеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бисмиллахир рахманир рахим.

Ей, перзентім, ұлы дәрежелі болу, шыққан тегіңе емес, ақыл-біліміңе байланысты. Адамның ең абзал қасиетінің бірі – сөз сөйлей білуі. Сөзді өз орнымен сөйле. Орынсыз айтылған сөз опық жегізеді. Сөз бір шарап сияқты, одан бастың ауруы да, жазылуы да мүмкін деген білімдарлар. Қазақта: «Сөйлемеші, басым ауырып кетті» дейді. Немесе сөйлеші, басым жазылып кетті дейді. Босқа кететін жел сөзден сақтану керек. Сөзіңді тыңдайтын болған жағдайда ғана сөйлеген дұрыс.

Жақсы сөз – жан азығы. Сен біреуге жамандық қылсаң, саған да жамандық келеді. Ақылды адам қайғымен аяқталатын қуанышты қуаныш демейді, қуанышпен аяқталатын қайғыны қайғы екен демейді. Ей, перзентім, жақсылықтан үмітіңді үзбе. Тек өнер үйренумен ғана өз замандастарыңнан дәрежең биік болады. Ілім мен өнерді үйренуге ерінбей еңбек ететінді жұрт данышпан, ақылды дейді. Жақсылармен бір жүрсең, жақсы атың шығар.

Ей, перзентім, мүләйім болсаң жоқ қылып жібереді, дөрекі болсаң жұртты өзіңнен қашқақтатып аласың. Қанша дана болсаң да, сен өзіңді халықтан данамын демегін. Өйткені, халық барлық нәрсені біледі. Халықтың білгенін білетін жан анадан әлі туған жоқ. Әрбір істе орташа болған жөн перзентім. Сырыңды өзіңнен басқа ешкімге де айтпағайсың, ол біреуге айтқаннан соң күмәншіл келеді. Көп біліп, аз сөйле. Аз біліп, көп сөйлеме. Көп сөйлесең, езбесің деп жек көреді, сөйлемесең мылқау екен деп сөгеді. Сондықтан, сөздің қадір-қасиетін білген жөн болмақ!

 

Сейітқазы қажы МЕДЕТБЕКОВ,

«Жуалы» көпшілік мешітінің имамы.

Аудандық билер кеңесінің мүшесі,

Ауданның Құрметті азаматы

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: