Төлеген шешесімен қоштасып жүріп, кетіп қалып, өзі қайтып келіп екі жүз елу жорғаны айдап жүріп, көрген қызға бір жорғадан беріп тауысып, және мұның даңқын естіп Сырлыбай ханның бас уәзірі Қаршыға жыршының келген жігітке қысқаша айтқаны.
Отарда жатқан Қаршыға
Бір бедеуге мінеді
Алладан пәрмен тіледі
Ұяң жерден бір ырғып
Жарлау жерден қарғытып
Тегіс жерден сырғытып
Аяңдамай желеді
Сексен жігіт елшіге
Салып жетіп келеді
Келіп сөйлей бүй деді
Асуда асу бел дейді
Аса соққан жел дейді
Сексен жігіт ішінде
Базарбайдың баласы
Төлеген мырза кім дейді
Басым басым басымда
Аққа құлпы жалыда
Ал сексені сол жерде
Төлегенді жасырды
Мінгенде атың дөненді
Көк түскен жер Көбеңді
Біз білмейміз Қаршеке
Төлеген мырза дегенді
Ассаламуалейкум көп жігіттер
Сайланған бәрің бірдей көп жігіттер
Сайланып табыңменен шыға қапсың
Сөйлей бер жолың болсын ей жігіттер
Келеміз елімізден біз жолаушы
Бет алып шыққан жолым болсын ей жігіттер!
Үйірін Қарақаттың жауға алдырып
Келеміз сұрау салып бір сұраушы
Күн көріп жүрушедім өнерменен
Төтелеп келдім сізге кемерменен
Көрдімда қаралардың жандайшабын
Баласы Базарбайдың дегенменен
Келіпсің бізді көріп қарамыз бен
Жауапқа жауап айтпай қаласыз ба
Сырттан Базарбай деп естушедік
Төлеген жоқ тұр біздің арамызда
Әр жерде асып туған тегім деп ең
Төлеген жұрттан асқан бегім деп ем
Сұрасам жолаушыдан сіздер дейді
Жасырдың Төлегеннің несін менен
Осынша Төлегеннің жасырынып
Ол өзі кімнің ұрлап ақын жеген
142 бет
Бұлардың сөзін естіп, жігіттер мені неге жасырып тұр деп шатырдан сығалап Қаршығаның дос адам екенін біліп Төлегеннің Қаршығаға сәлем беріп айтқаны,
Қозының ерте туған көбегені.
Мен едім Базарбайдың Төлегені
Қозының ерте туған көбегені
Ғаршекем аразбеді бұрын маған
Қасыма танып тұрып келмегені
Мен едім Базарбайдың үлкен ұлы
Алланың шыныменен сүйген құлы
Қаршекем сәлем берсем қарамайды
Бар еді Төлегеннің неден міні
Осы келген Қаршыға
Табыннан асқан ер еді
Ерлігінің белгісі Төлегенге келеді
Сексен жігіт ішінде
Төле Базарбайдың баласы
Төлеген мырза сен деді
Нәсіліне қарасам
Қас патшамен тең деді
Мен жайымды айтайын алты Шекті елінде
Сырлыбай ханның уәзірі
Қаршыға жыршы мен деді
Төлеген болсаң сен деді
Кел соңымнан ер деді
Жұртқа берген олжаңнан
Білдірмей маған бер деді.
Мен бір сылтау табайын
Патшамыздың жалғызы
Аты Жібек сұрасаң
Кереметін көр деді
Базарбайдың Төлеген
Қаршығадай ақынын
Бұл сөзін мақұл көреді
Айдап жүрген жылқыдан
Екі жорға береді
Бір көргенде-ақ түрінен
Досы екен деп біледі
Сексен жігіт елшіден
Бес жігітті бөледі
Өзгесін елге қайтарып
Қаршығамен ілесіп
Ақ Жайыққа жөнеді
Неше дүркін ел болып
Оқпанды жер қыр болып
Төлегеннің сөздері
Соңғыларға жыр болып
Ойнап балық шығады
Айдын көлдің шетіне
Адам қарап болмайды
Ер Төлеген бетіне
Қамшы басты кім-кім деп
Көк жорғаның көтіне
Дәл сегіз күн жол жүріп
Аз ғана емес мол жүріп
Сонда жеткен секілді
Ақ Жайықтың шетіне
143 бет