Көрісу дәстүрінің сыры неде?

Көрісу дәстүрінің сыры неде?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Көрісудің бірнеше турі бар. Мысалы, көрісу көктем мезгілінің басында, нақтырақ айтқанда наурыздың 14-інде амал мерекесі ретінде өтетіндігі белгілі. Көрісу - Наурыз мейрамының қарсаңында туған-туысқандардың, дос-жаран, көрші-көлем ауылдастардың бір-бірімен төс қағыстырып амандасу. Бұл кун - «пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін куні ретінде дәстур болып қалыптасқан. Бұл куннің тағы бір айтарлық ерекшелігі бұрын-сонды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс арасындағы азды-көпті араздастықты жойып, татуласып, табысу, кайта жарасу дәстурі.

      Түйіндеп айтқанда туған-туыс, ағайын-бауыр бірін-бірімен төс қағыстырып, қал-жағдай, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман-есен шыққандықтарына тәубе етеді. Бір-бірімен жуздесіп, қуанышқа бөленеді. Көрісу туралы Хакім Абайдың: «Жазғытұры» өлеңінде:

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Кулімдесіп, көрісіп, кұшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойыны босап,

Сыбырласып; сырласып, мауқын басып, – деп, сипатталады.

           Наурыз айындағы көрісу дәстүрін адамдардың қыстан аман шыққандары ушін Аллаға шукіршілік етіп, үлкендермен амандасып, батасын алуға жасалған тағы да жақсы қадам ретінде қарастыруға болады. Осы орайда айта кететін бір мәселе көрісу - жалпыға ортақ жағымды, құпталатын дәстур болғанымен сақталу керек әдептері бар. Нақтырақ айтсақ, ер адамдар бір-бірімен төс қағыстырып, қушақтасып көріссе, әйелдер кауымы ер адамдармен бұлай жасамайды. Тек екі алақанын өз кеудесіне қойып, иіліп қана илтипат көрсетеді. Жас келіндер әдептілік сақтап, ұзақтан сәлемін салып көріскені шариғатымызға, ұлттық дәстурімізге сай болады.

 Көрісудің тағы бір түрі ең жақын туыстардың кайтыс болған адамды жоқтап, ұзатылатын кыздың төркін жұртымен қоштасып жылауы, дауыс етуі турінде көрініс табады. Сондай-ақ, көрісу- қазақ ғұрпында дауыс шығарып келген адамдар мен қаза иелерінің құшақтасып жыласу, көңіл айту рәсімі ретінде қарастырылады. Әдетте қайтыс болған кісінің ең жақын туыстарына мұсылмандық дәстүріміз бойынша: «Алла сабыр берсін», «иманды болсын», «иманы серік болсын», «топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын», «амал дәптері оң жағынан ашылсын», «Алла алдынан жарылқасын», «жаны жәнната болсын», «Алла мейірім-шапағатына бөлесін», «қазаның арты қайырлы болсын» деген сөздерді қолданып көңіл айтылады.

Нәресте шетінеп кетсе, ата-анасына шапағатшы болсын делінеді. Қазақ мақалдары арасында «Өлмейтін адам жок, сынбайтын темір жоқ», «Өкпеге қиса да, өлімге қимайтын ағайын», «Өлімнен ұят күшті», «Торқалы той топырақты өлімде кешірмейтін өкпе жоқ» деген сиякты мән-мағынасы терең, тағылымы мол мақал-мәтелдер саны аз емес. қорытынды ретінде айтарымыз, қазалы жағдайдағы көрісу, жоқтау айту дәстүрін мұсылмандығымыздың шегінен шықпауына көңіл аударғанымыз жөн.

Нұрбай Айтөре

Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: