Шариғатта арам өлген малдың үкімі

Шариғатта арам өлген малдың үкімі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шариғатта арам өлген малдың үкімі Бірде Сүлеймен пайғамбарға бір адам келіп, маған жануарлардың тілін үйретші деп жалынады. Сүлеймен пайғамбар ол адамға жануарлардың тілін үйрену саған пайдасынан көрі зияны көп болады деп, қанша айтса да әлгі адам үйретші деп қоймағандықтан Сүлеймен пайғамбар оған жануарлардың тілін үйретеді. Бірде әлгі адам таңертенгісін үйінен шығып тұрса иті мен мысығы сөйлесіп отыр дейді. Әлгі адам екеуінің сөзіне құлақ түреді сонда ит: мысыққа қарным ашып кетті егеміз соңғы кезде тамақ бергенді қойды дейді. Сонда мысық: бүгін егеміздің түйесі өледі соның өлексесін жейсін деп итке басу айтады. Әлгі адам базарға барып түйесін сатып жібереді.

Ертесіне бұлар не әңгімелесіп жатыр екен тағы тындайын деп далаға шығады. Сонда ит мысыққа сен түйе өледі деп айтып едін, егеміз түйені сатып жіберді ғой дейді. Сонда мысық бүгін егеміздің сиыры өледі соның өлексесін жейсін деп айтады. Әлгі адам базарға апарып сиырды да, сатып жібереді. Ертесіне тағы ит егеміз сиырды да сатып жіберді, енді не болады дегенде мысық бүгін егеміздің қойы өледі соның өлексесін жейсін деп айтады. Әлгі адам базарға барып қойды да сатып жібереді. Ертесіне әлгі адам азанғысын тұрып, бұлар не әнгіме айтып жатыр екен тыңдап келейін деп далаға шықса, ит тағы мысыққа егеміз қойдыда сатып жіберді енді не болады десе, мысық бүгін егеміз өледі соның ботқасын жейсін деп айтады. Әлгі адамның түрі бұзылып, қалшылдап, дірілдеп Сүлеймен пайғамбарға барады да болған оқиғаны айтып береді. Сонда Сүлеймен пайғамбар кезінде мен саған жануарлардың тілін үйрену саған пайдасынан зияны көп болады деп айтып едім, сол кезде сөзіме құлақ асуын керек еді. Сенін басына жамандық келіп еді ол түйеге ауды, сен түйені сатып жібергенсон ол жамандық сиырға ауды, сен сиырды да сатып жіберген сон ол жамандық қойға ауды, сен қойды да сатып жіберген сон ол жамандық сенің басына келді дейді. Ұғып түсіне білген адамға бұл хиссаның мағынасы теренде жатыр.

Қазақта үйде бір келенсіз жағдай болса яғни, қорасы болмаса шөбі өртеніп не бір малы өлсе бүкіл жамандық сомен кетсін малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы деп бастысы бас аман қалғаның бір Алла жеткізер деп, өлген малды айдалаға апарып тастаса ауырып өлген малды көміп, болмаса өртеп жіберетін болған. Ал қазіргі кезде адамдардың пейілдері бұзылғаны сондай еш шімірікпестен өлген малды (ол ауырып өлді ма жоқ өліп біраз күн жатып қалды ма оған қарамай) сойып базарға етін апарып тура бір адал малды сатқандай сатып жібереді. Бұрындары ондай жағдай болса адамдар тіксініп, Құдайдан безген қалай қолы барып, өлген малды сатты десе, қазіргі кезде адамдардың еті үйренгендігі соншалық кәдімгі бір адал малды сойып базарға етін сатып келгендей үйреншікті дағдыға айналды.

Жоғарыдағы хиссадан түсінгеніміз, өзіміздің қорадағы бір мал өлсе ол сол үйге келіп тұрған бүкіл жамандықты алып кетеді. Сондықтан оған бола қайғырып Құдайымай бәленше байдың мыңғырған малың көрмей менің жалғыз тұяғымды көріпқалдын ба? Деп Аллаға күпір сөз айтпай, ол ту бие бола ма жоқ әлде дене бітімі есік пен төрдей сиыр бола ма болмаса үлкен саулық қой болама өлген мал өлді отбасыма келіп тұрған бүкіл жамандық осымен кетсін деп, мал дәрігерлерге хабар беріп өртететің жерге апарып өртетіп жіберту керек. (Біздің тағы бір кемшілігіміз ауырып өлген малды сүйреп малдың өрісіне апарып тастаймыз ал одан ертен басқа малдарға ауру тарайды сондықтан ләжі болса мал дәрігерлеріне айтып өртетіп жіберген абзал болады)

Енді өлген малдың шариғаттағы үкіміне келетін болсақ АллаТағала Құран кәрімде «Алла сендерге өлексені (бауыздалмай өлген малды), қанды, доңыз етін әрі Алладан басқаның атымен бауыздалғанды жеуді мүлде арам қылды» дейді.(Бақара сүресі 2/173аят) Өздігінен өліп қалған малдың денесінде әрқашан жұқпалы, аса зиянды микроптар болу ықтимал. Сондықтан өлген малдың етін жеу денсаулыққа зиян болғандықтан арам болып саналады. Жаңадан өліп, денесі суымай бауыздағаннан кейін қан шықса да ол мал арам болып саналады. Сондықтан да өлген малдың ақшасы да арам болып саналады. Алла Тағала Құран кәрімде «Әй, иман келтіргендер! Сендерге берген ризықтарымыздың таза (адал) болғандарын жеңдер!» деп бұйырған. (Бақара сүресі 2/172 аят)

Бостандық ауылы «Төртбай ата» мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: