«Әл-Әділ» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай қайырымдылық жоба ұйымдастырылды – тұрғындар үшін «тегін такси» қызметі іске қосылды.
Бұл бастама ораза ұстаған жамағаттың мешітке барып-қайтуын жеңілдету мақсатында, тұрғындарына тегін көлік қызметін ұсынуда.
Қала тұрғындары бұл бастаманы қуана қабылдап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіруде. Қайырымдылық шарасы қасиетті ай бойы жалғасады.
Тараз қалалық “Әулие ата” мешітінің баспасөз қызметі.