Жамбыл ауданы, Танты ауылы, "Танта баба" мешітінің ауласына "Атаңнан мал қалғанша тал қалсын" демекші 70 туя талы егіліп, мешіттің көркін ерекешелей түсті. Пайғамбарымыздың хадистерінде адам дүниеден өтіп кетсе де артынан сауап болып барып тұратын 3 нәрсенің бірі садақа жария. Садақа жария көпшілік пайдаланатын іс қалдыратын болса, мысалы, көпір салса, бұлақтың көзін ашса, мешіт-медресе немесе мектеп, аурухана салатын болса көпшілік пайдаланған сайын сауап болып жетіп тұрады.
Тал да сол іспетті, бірінші сауап оның көлеңке болуы, екінші жеміс талы болатын болса одан құс шоқып жейтін болса, кім екті немесе кімнің атынан егілді соған дүниеден өтіп кетсе де сауап болып барып тұратын ізгі амал. Сол үшін бабаларымыз «Бір тал кессең он тал ек» дейтіндігі сондықтан. Көбірек тал егуге тырысайық. Шараға 20 адам қатысты.