Жуалы ауданы, Күреңбел ауылдық мешітінде Наурыз мерекесі қарсаңында көшеттер отырғызу шарасы өтті. Игі бастама "Атаңнан мал қалғанша – тал қалсын", "Бір тал кессең, Наурыз күні он тал ек" деген ұлағатты сөздер аясында ұйымдастырылды.
Мешіт молдасы Әскертайұлы Рамазанның бастамасымен мешіт жамағаты бірігіп, мешіт ауласын көгалдандыру мақсатында жас көшеттерді отырғызды. Қоршаған ортаны қорғау әрі ұрпаққа жасыл мұра қалдыру бағытындағы бұл сауапты істің маңыздылығы ерекше.
Іс-шара барысында жамағат табиғатты аялаудың, ағаш отырғызудың сауапты амал екенін тілге тиек етіп, осындай игі дәстүрді жалғастыруға ниетті екендерін жеткізді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.