Жамбыл: "Аудандық бата жарысы" өтті

Жамбыл: "Аудандық бата жарысы" өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Танты ауылы, "Танта баба" мешітінде "Батаменен ел көгерер" тақырыбында ақсақалдар арасында бата жарысы ұйымдастырылды. «Жақсы сөз жарым ырыс» деп бабаларымыз айтқандай ораза айында ізгі тілек, дұға жасау өте маңызды болған, еселене қабыл болатын айда дәстүріміздегі үлкендердің көпшілікке жасаған батагөй ақсақалдардың елге, жерге жақсы тілектері айтылған жарыс болып өтті. Пайғамбарымыз: «Кімде-кім өзгеге дұға жасайтын болса, жанында бір періште болады «Саған да болсын» деп тұратын» - деген екен.  Сонда басқа адамға жасаған тілегіміз, өзімізге Алладан бір нәрсе сұрағандай екенбіз. Бұл Алланың үлкен мейірімділігі.

Бата жарысына ауданнан 8 ақсақал қатысып, түрлі тақырыптарда баталарын айтып өтті. Бірінші орынды Сұлутөр елді мекенінің батагөй ақсақалы Қуандықов Ерболат Ермекбайұлы иеленді. Алғашқы 3 орынға ие болған аталарға диплом мен сыйлықтар беріліп, жарысқа қатысқан ақсақалдарға алғыс хат табысталды. Рамазан айында Алла Тағала дұға-тілектерімізді қабыл етсін.

Шараға 25 адам қатысты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: