Жамбыл: Жарамазан айтылды

Жамбыл: Жарамазан айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің алдында аудандық мешіт қызметкерлері мен ауыл ақсақалдары Байзақ ауданынан қабыл алынған жарамазан айту эстафетасын қабыл алып, Т.Рысқұлов ауданына рамазан айының келгендігін білдіру ниетімен жолданды. Бір деректерде жарамазан сөзі арабтың тілінен алынып «Рамазан келді» деген мағынаны берсе керек.

 Сауаптар еселенетін, түрлі қате-күнәлар кешірілетін, Алланың мейірімі түскен, шайтандар кісенделген, адамдар бір-біріне мейірімді болатын ай келгендігін қуана қарсы ала отырып, сол жақсылықпен өзгелермен бөлісу қазақтың керемет дәстүрлерінің бірі. Сол себепті осы қуанышты хабарды жеткізгендігі үшін қолында бар затын сыйға беретін болған. Алла Тағала баршамыздың рамазан айында құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл еткей. Шараға 25 адам қатысты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: